Лебяжі аданында сенбі күні шамамен түнгі сағат 23.00-де Mitsubishi Montero көлігін тізгіндеген ер адам Черное ауылындағы шағын өзенге батып кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынған мәліметке сүйенсек, 61 жастағы ер адамның денесін Ертіс өзенінің тармағынан келесі күні сағат 14.20-да ТЖД жедел құтқару жасағының құрамындағы бес адам сыртқа шығарып алған.
Сондай-ақ, көлікті жағаға алып шығу үшін бір техника жұмылдырылды.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz