Синоптиктер Қазақстанда 23-25 тамызда жазғы ауа райы орнайды деп болжауда деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА, "Қазгидромет" берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан алдағы үш тәулікте антициклонның иелігінде болады. Сондықтан, ендігі жаздың соңғы он күндігі болса да, ауа райы жазғы күндегідей жылы және жауын-шашынсыз.
"Батыс облыстарда ыстық шамалы түседі, қалған аумақтарда ауа температурасының көтерілуі болжануда, республикада аномальды температура 2-6ºС климаттық мәннен жоғары болады",-делінген хабарламада.
Фото: newskaz.kz