ОҚО-да IT-технологиялар саласына инвестициялар тарту жұмыстары қолға алынуда

Компания өкілдері өздерінің топтама есептеу және шешім нұсқалары (IAAS и SAAS) саласындағы жетістіктері жайлы баяндама жасап, іскерлік қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға мүдделі екенін білдірді.

IT-технологияларды дамыту саласына инвестициялар тарту және Шымкент қаласында «Smart City» жүйесін енгізу жұмыстарының аясында таяуда «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ басшылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы «Huawei Technologies Co. Ltd.» Азиялық алдыңғы қатарлы компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Қонақтардың делегациясын «Huawei Technologies Co. Ltd.» компаниясының Орталық Азиядағы және Кавказдағы өкілдігінің президенті Цои Сии басқарды.

Шетелдік меймандарға ӘКК жанынан құрылып жатқан «IT-технологиялар орталығы» және оның аймақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, Шымкент қаласында «Smart City» жүйесін енгізу үшін бар ресурстарды жұмылдыру сияқты мақсаттары таныстырылды.

Компания өкілдері өздерінің топтама есептеу және шешім нұсқалары (IAAS и SAAS) саласындағы жетістіктері жайлы баяндама жасап, іскерлік қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға мүдделі екенін білдірді.

Мұндай іскерлік байланыстың нәтижесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа сатыға көтеріліп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: