Созақта ауыл шаруашылығы мақсатындағы бағдарламалар толықтай орындалды

«Алтын асық» бағдарламасының тапсырмасы бойынша 2000 басқа жеткізу жоспары, 230 басқа артық шығып, 111% орындалды.

Созақ ауданында үшжақты келісімде көрсетілгендей, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары толықтай орындалды. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әубәкір Сахиұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында хабарлады. Мәселен, 2016 жылдың соңына дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1500 бас мүйізді ірі қара малын асылдандыру көзделсе, жыл басынан бері жеті айда асылдандырылған ірі қара басы 1538-ге жетіп, меже 102 пайызға орындалып отыр. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сол сияқты, «Алтын асық» бағдарламасының тапсырмасы бойынша 2000 басқа жеткізу жоспары, 230 басқа артық шығып, 111% орындалды. Ал, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы 300 бас болып бекітілсе, қазіргі таңда пайыздық меже 101% құрап отыр.

Бір жылға межеленген жоспарды жеті айда орындап үлгерген Теріскейдің ауыл шаруашылығы мамандары жұмыстар мұнымен тоқтамайды дейді. Мал басын асылдандырамен деп ниет еткен шаруалармен жұмыстар одан әрі жүргізіле бермек.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: