Шардаралық диқандар гектарынан 250 центнерден өнім жинауда

Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңға дейін шардаралық шаруалардың 3338 гектар егіс алқабынан 83450 тонна қауын-қарбыз сатылымға шығарылған.

Шардаралық шаруалар биыл бау-бақшадан мол өнім алып отыр. Аудан бойынша осы маусымда 59 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері ексе, соның 11 мың гектарға жуығы бау-бақша дақылдары болып табылады. Бұл туралы, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әсіресе, күннің көзі жылынысымен егістік алқапқа шығып кеткен диқандар қауымы қауын-қарбыз секілді ерте пісетін өнімдерін пұлдап үлгерді.

Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңға дейін шардаралық шаруалардың 3338 гектар егіс алқабынан 83450 тонна қауын-қарбыз сатылымға шығарылған. Оның ішінде, өзіміздің нарықтан бөлек, 50 000 тоннасы Ресей мемлекетіне экспортталса, қалғаны өзіміздің солтүстік облыстарға жөнелтіліпті.

Мамандардың есебі бойынша гектарынан орташа 250 центнерден өнім алған аудан диқандарының көңілдері тоқ деп айтуға болады. Бау-бақша өнімдерінің басым бөлігі енді пісіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш күн сайын арта түсетіні белгілі.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: