ОҚО-да «Ontustik Tourism Center» орталығының бөлімшелері ашылуда

Zakon.kz
«Ontustik Tourism Center» бөлімшелері мен ақпараттық дүңгіршектерінің жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында туристік саланың дамуына және ақпарат қолжетімділігінің артуына ықпалын тигізеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы қонақтары мен тұрғындары үшін өңірдің туристік әлеуеті жөнінде мәлімет алу мүмкіндіктері ұлғаюда. Осы жылы тамыз айынан бастап Түркістан қаласында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының бөлімшесі және Шымкент қаласының әуежайында ақпараттық дүңгіршегі өз жұмыстарын бастады. Бұл туралы , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған іс-шара қонақтардың Түркістан және Шымкент қалаларының аумағында облыстың көрікті жерлері туралы мәліметтерді алуды әлдеқайда жеңілдете түсті. Келесі ретте әуежай арқылы келген қонақтар уақыттарын жоғалтпай ұшып келе салып қажетті туристік мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, жақын арада Шымкент қаласының теміржол вокзалында тағы бір ақпараттық дүңгіршек өз жұмысын бастамақ. Айта кетейік, «Ontustik Tourism Center» бөлімшелері мен ақпараттық дүңгіршектерінің жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында туристік саланың дамуына және ақпарат қолжетімділігінің артуына ықпалын тигізеді.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами