Павлодарда пара алған тергеуші қамауға алынды

Ведомствоның айтуынша, алған қаражат үшін тергеуші жанар-жағармайды құжатсыз өткізген азаматтың ісін жабуға және көлікті айыппұл тұрағынан шығарып беруге уәде еткен.

Павлодарда пара алған тергеуші қамауға алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

№2 қалалық қылмыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше сотта пара алды деген күдікпен полиция қызметкерін қамауға алу туралы өтініш қаралды.

- Соттың шешіміне сәйкес ұсталған күдікті қамауда екі ай отырады, - деді баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерінің қамауда отыру уақыты 9 қазанда аяқталады. -Павлодар қаласындағы ІІБ-ның Солтүстік полиция бөлімінің қызметкері облыс орталығының тұрғынымен келісімге келіп, 240 мың теңге пара алғаны белгілі болды, - деп облыстық прокуратура жауап берді.

Ведомствоның айтуынша, алған қаражат үшін тергеуші жанар-жағармайды құжатсыз өткізген азаматтың ісін жабуға және көлікті айыппұл тұрағынан шығарып беруге уәде еткен. Сотқа дейінгі тергеу жұмысы жалғасып жатыр. Егер, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол пара алған соммадан жетпіс есе артық қаражат қайтаруы тиіс немесе 7-12 жылға дейін мүлкін тәркілеумен қамауға алынады.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: