1 қыркүйек – білім күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Акция аясында «Алтын адам» отандық тігін фабрикасы Арыс қаласында орналасқан Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы "Бәйтерек" жанұясының тәрбиеленушілеріне мектеп формасын тегін тарту етті, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Балақайларға сонымен қатар, оқу-құралдары да таратылды. Түрлі - түсті қарандаш пен сурет дәптерлері, қалын дәптер мен құрал саймандар көптің көңілінен шықты. Отандық брендтің сапалы киімін киген балалар демеушілерге ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы аталмыш балалар үйінде қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастарып келеді. Яғни қайырымдылық шараларынан бөлек, балаларға мерекелік кештер мен салт-дәстүрімізден сыр шертетін түрлі сахналық қойылымдар көрсетіледі.
Жуырда облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүлдіршіндерге арнап қазақ дастарханын жайса, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері балаларды «Фиркан сити» сауда-ойын-сауық орталығына алып келіп, көңілді күн сыйлады.
Фото: ontustik.gov.kz