Қала аумағында орналасқан 250 жуық кәсіпорындар мен мекемелерден 2000 астам жұмыс орындары ұсынылған ірі жәрмеңке өтті. Елбасының «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қалалық жұмыспен қамту орталығы мен облыстық жастар орталығы және кәсіпкерлер Палатасымен бірігіп өткізген шарада шаһардағы мүмкіндігі шектеулі және жұмыссыз азаматтарға, сонымен қатар жаңадан оқу орнын бітірген түлектерге арналған бос жұмыс орындары жарияланды, деп жазады , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Елбасы тапсырмаларында айтылған тұрғындардың жұмыспен қамту деңгейін бақылау мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Орталық саябақтағы іс-шараға қатысты. Әрі бос жұмыс орындарын іздеген жастардың өз мамандықтары бойынша жақсы жұмысқа орналасуына сәттілік тіледі. Атап айтар болсақ, қаланың жұмыспен қамту органдары алдына уақытқа ауқымды жобалар әзірлеп, жылдық жоспарға сәйкес бағдарлама шеңберінде 4443 азаматты тұрақты жұмысқа, 1160 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына 2070 жас түлекті, кәсіби оқыту 160 жұмыссыздарды, 500 азаматты қоғамдық жұмыстарға тартуды жоспарланған.
Аталған жәрмеңке қала аумағында осымен үшінші рет жалғасын табуда. Қуантарлығы, осы іс-шара аясында алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясының Орталық аппарат мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту-2020 жол картасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Біріңғай қабылдау күні» Республикалық акциясын өткізу жоспарланған.
Фото: ontustik.gov.kz