ОҚО жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру шарасы өтті

Кездесу аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша сарапшы, ауыл әкімдеріне және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне өзін-өзі басқару саласында болып жатқан өзгерістер жайында түсіндірді.

Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша Мемлекет Басшысының Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» тапсырмасын жүзеге асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының талдау және болжау орталығы" қоғамдық бірлестігі жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 24 тамызы күні сағат 15-00-де аудан орталығы Сарыағаш қаласында кездесу өтті. Бұл туралы zakon.kz, Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша сарапшы ауыл әкімдеріне және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне жергілікті өзін-өзі басқару саласында болып жатқан өзгерістер, қабылданып жатқан заңнамалық актілердің негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасында жергілікті өзі-өзі басқарудың құқықтық негіздері», жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық- экономикалық негіздемелері, жергілікті қоғамдастықтық жиналыстарының қызметін реттеу негіздері түсіндіріліп, сұрақ-жауап қойылып, қорытындыланды.


Следите за новостями zakon.kz в: