Аудандық мəдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, еліміздің тірегіне айналған Ата заңымыздың мәртебесін арттыруды жəне оның маңыздылығын жоғалтпай сақтауды дәріптеп, Конституциямызды құрметтеу арқылы Тəуелсіздіктің баға жетпес құндылығын жастарымыздың бойына сіңіріп, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу мақсатында, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машраповтың ұйымдастыруымен "Ата заң -ел тірегі" атты аудандық поэзия жəне əн байқауы өтті. Бұл туралы zakon.kz, Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Байқауға аудандағы барша мектептердегі шығармашылық талабы мен талантты оқушылар қатысып, I, II жəне III орын иеленген жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Байқауға арнайы келіп қатысқан аудан əкімі Қ.Əбдуалиев алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен құттықтап, байқауға қатысушыларға сəттілік тіледі. Жастарды шығармашылық пен өнерге көп көңіл бөлуге шақырды. Бос уақыттарын бекер өткізбей спортпен шұғылданып, түрлі үйірмелерге қатысуға шақырды. Егеменді ел ертеңінің тізгіні бүгінгі өскелен ұрпақтың қолында екенің аудан əкімі Қ.Əбдуалиев қадап айтты.