Кентау қалалық білім беру бөлімінң ұйымдастыруымен "Мектепке жол" атты жалпы республикалық акция ұйымдастырылды. Игі шараға қатысқан қала басшысы мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, мектепке қажет формалар мен құрал жабдықтарын табыстады. 6-шы жыл қатарынан өтіп жатқан қайрымдылық акциясынан қаланың жаны жомарт жандары да қалыс қалған жоқ. Бұл туралы zakon.kz, Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік бюджет есебінен және демеушілер тарапынан 400-ге жуық балаға көмек беріліп, мектепке қажет барлық құралдары берілді.
Жалпы, Кентау қаласында әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасы 631 балар саны - 1189 асады. 151 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Қалалық білім беру бөлімі тарапынан осы балғындарға түгелдей көмек көрсетіледі. Яғни мектеп формасымен қатар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар да толығымен беріледі. Сонымен қатар, балақайларды түрлі мәдени шаралар мен қойылымдарға да апару жоспарда бар.
Мұндай акция арқылы оқушылардың әлеуметтік жағдайы жақсарып қана қоймай, олардың білім алуға деген ұмтылысы біршама арта түсетіні белгілі.