Облыс əкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Сарыағаш ауданына іс-сапармен барды

Д.Сатыбалды Жібек жолы ауылдық округіндегі шекара бекетіне баратын жолды тез арада бітіру қажеттігін жəне сапасына өте мұқият қарау қажеттігін тиісті мамандарға тапсырды.

Облыс əкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Сарыағаш ауданында қызметтік іс-сапарда болды. Іс-сапар барысында аудан əкімі Қ.Əбдуалиевпен біргелікте ауданда құрылысы жүріп жатқан əлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымы істелініп жатқан елді мекендердің жұмысын аралап көрді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Дербісек, Қапланбек, Құркелес, Біртілек, Қошқарата ауылдық округтеріндегі мектептерді Сарыағаш қаласы Самал мөлтек шағын ауданындағы инфроқұрылым аралап кестеден кешігіп жатқан мердігер компанияларға жəне техникалық бақылаушыларға кемшіліктерін айтып, жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті. Әсіресе жауапты адамдар мен жұмысшыларға сапаға көп көңіл бөлуге шақырды. Әлеуметтік нысандар мен халықтың көп шоғырланатын жерлердегі нысандардың сапасы жіті қадағалауда болатынын жеткізді.

Жібек жолы ауылдық округіндегі шекара бекетіне баратын жолды тез арада бітіру қажеттігін жəне сапасына өте мұқият қарау қажеттігін тиісті мамандарға тапсырды. Және де әр атқарылған жұмысқа түсінік беріп, дер кезінде қажетті құжаттарды рәсімдеуді алға тартты.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: