Созақ ауданының мәдениет үйінде «Білімді ел – мәңгілік ел тірегі» тақырыбымен педагогтардың аудандық тамыз конференциясы өтті. Жиынды сөз сөйлеген аудан әкімі Мақсат Исаев «Елбасымыз өз Жарлығымен бекіткен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көзделген негізгі индикаторлар бойынша білім саласын дамыту міндеті тұр. Кеше ғана облыста өткен тамыз конференциясында өңір басшысы Б. Атамқұлов білім саласын дамытуғы тың көзқараспен қарауымыз керек деген болатын. Демек, алдымызды ұрпақ тәрбиесі мен білім саласында үлкен міндеттер тұр»- деді. Тамыз кеңесінде 2016-2017 жылғы алға қойылған межелер мен жоспарлар баяндалды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі таңда Созақ ауданында 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мекемелер саны 35 құрап отыр. Онда 12769 оқушы білім алады. Жалпы орта білім беретін 12 мектеп болса, оның 12644 оқушы білім алады, ал негізгі 1 орта мектепте 72 оқушы, саны 1, онда 72 оқушы, 2 бастауыш мектепте 53 оқушы білім нәрімен сусындап отыр.
Мектептен тыс мекемелер А.Жұбанов атындағы саз мектебінде 207 оқушы, «Жас туристер станциясында» 105 оқушы мамандандырылып оқытылады. Мектептердің 33-і қазақ, 1-і қазақ-өзбек, 3-і қазақ-орыс тілінде аралас оқытуды жүзеге асырады деп атап өтті аймақ басшысы.
Педагогтардың тамыз кеңесінде білім саласында біліктілігімен ерекшеленген мектеп дирекотрлары мен ұстаздар аудан әкімінің және аудандық мәслихат депутаттарының алғыс хатымен марапатталды.