ОҚО әділет департаментінің басшысы Е.С. Дауылбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық әділет органдары Үйлестіру кеңесі, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшелері, облыс әкімі аппараты, кәсіпкерлер одағы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамын іске асыру, сонымен қатар Дүниежүзілік «Doing Business» банк рейтингісінің «Келісім-шарттарының орындалуы» индикаторында Қазақстанның беделін көтеру мақсатында бұл жүйе биыл елеулі өзгерістер көрсетті. Реформаның негізі жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең-кезеңмен біртіндеп қысқарту, сондай-ақ олардың қызметін автоматтандыру: атқарушылық іс жүргізу органдарының кызметінің автоматтандыру ақпараттық жүйесін кеңейту; борышкерлердің мүлкі туралы деректерді электронды форматта алу мүмкіншілігі; сот орындаушысының әрекеттерінің электронды санкциялануы және атқарушылық ісі шегінде борышкерлердің мүлкіне сауда-саттық өткізу тек электронды түрде жүргізіледі. Осы және әділет органдарының құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер бойынша баяндама жасаған департамент басшысы, азаматтардың және БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Фото: ontustik.gov.kz