Баянауыл ауданы Торайғыр көлінде екі күн бұрын суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 28 тамыз күні сағат 10.30-да Торайғыр ауылының маңындағы көлден 1964 жылы туған ер азаматтың денесі шығарылды. Алдын-ала болжам бойынша ол 26 тамыз күні батып кеткен. Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның себептері анықталуда.
Назым Қарабаева
Фото: Рavlodarnews.kz