Қазақстан ядролық қарусыздандыруға арнайы сыйлық тағайындайды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыздану саласында арнайы сыйлық тағайындау бастамасын қолдады.

Жиынның жалпы отырысын қорытындылаған ҚР Президенті Н. Назарбаев бұндай сыйлыққа да қолдау білдіруге болатынын айтты. Бұл туралы Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Мен конференция барысында көтерілген арнайы сыйлық бекіту туралы бастаманы қолдаймын. Дегенмен, оның атауына қатысты ойлануға тиіспіз. Ал тұтастай алғанда бұндай сыйлық тағайындауға қолдау білдіремін. Бұл сыйлық бәлкім «ядролық қарусыз әлем үшін сыйлығы» деп бекітілер, мүмкін оны «ядролық қарусыздану саласындағы сыйлық» деп атармыз. Біз бейбітшілік үшін берілетін сыйлыққа дәл «ядролық қарусыздану» мәселесін қосуымыз керек. Әйтпесе, әлемде бейбітшілікке қатысты тағы бір-екі халықаралық сыйлықтар тағайындалады. Сондықтан да, біз бұны ойланатын боламыз», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың қараша айында Астанада Бейбітшілік саммиті өтетінін еске салып, сол алқалы басқосуды аталған сыйлықты тағайындау және оның алғашқы лауреатына сыйлықты табыс ету мәселесі шешіліп қалуы мүмкін екенін жеткізді.

Анықтама үшін:

Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Форум БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында өтеді. Басқосуға әлемнің 50-ге жуық ел қатысады.

Фото: zakon.kz

Следите за новостями zakon.kz в: