ОҚО-да «Айбары мықты – Ата Заң» мерекелік жиын өтті

Шараға қатысқан өңір басшысы барша Оңтүстік жұртын мерекемен құттықтап, 30-ға жуық азаматты «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады.

Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Шараға қатысқан өңір басшысы барша Оңтүстік жұртын мерекемен құттықтап, 30-ға жуық азаматты «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады.

Өз құттықтау сөзінде облыс әкімі Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы екенін атап өтті. «Осыдан 21 жыл бұрын, ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдады. Жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Сол күннен бастап, Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды»,- деді Б.Атамқұлов.

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: