Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округінің әкімі Архат Наушебаев тұтқындалды, деп хабарлайды BNews.kz.
Аймақтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Архат Наушебаев 670 000 теңге делдал арқылы пара алғанын анықтады. Заңға бағынбаған шенеунік параны Ават ауылдық округі аумағынан жеке тұрғын үй салуға жер телімін беру үшін жеке тұлғадан алған.
Қазіргі уақытта А.Наушебаев Іле ауданы ІІБ уақытша қамау изольяторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Фото: spectr.com.kz