Кадрлық қорда тіркеуде тұрған Арман Мұсаев облыстық құрылыс басқармасының экономика, жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы лауазымына жұмысқа тұрды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Арман Шералыұлы Мұсаев 1994 жылы 8 маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған. Білімі жоғары. Жетекші маман экомомика және бизнес мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді үздік бітірген А.Мұсаев облыстық «Алтын қор» кадрлық резервінің мүшесі болатын.
Айта кетейік, «Алтын қор» кадрлық резерві облысымызда 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мәселен, қор жетекшілігіне былтыр 30 азамат өтініш білдірсе, оның 30 пайызы мемлекеттік органдарға қызметке орналасқан. Биыл «Алтын қордың» 70 мүшесі болса, жыл соңына дейін соның барлығын дерлік 100 пайыз жұмыспен қамту көзделуде.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 500-дей бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бар.
Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар
1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға сай болуға:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиiстi лауазымдарға қатысты өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға тиіс.
Мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер адамдар мынадай талаптарға сай болуға:
1) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сай келуге;
2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған болуға тиіс.
2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiру кезінде салық қызметi органдарына табыстары және өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектілері болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.
3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орган арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейiн азаматтарды мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым көздейтін мiндеттердi уақытша атқару үшiн жұмысқа қабылдайды. Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi. Еңбек шарттары арнайы тексеруді жүргізу мерзіміне жасалады.
Арнайы тексеру жүргізу кезеңінде бұл адамдарға осы Заңның мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады. Бұл адамдардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.
4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындауы мүмкін.
5. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жүзеге асыратын лауазымдық өкілеттіктер ескеріле отырып, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірленеді және оларды уәкілетті органның келісімімен мемлекеттік органдар бекітеді.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi бекітеді.
Фото: ontustik.gov.kz