Өрт сөндірушілер тұрғын үйдің ауласында жанып кеткен көліктің ішінен бүлдіршіннің денесін тапты, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Қуаныш Муталлапов.
Оның мәліметінше, жұма күні сағат 13.00-де Volkswagen Transporter көлігі өртеніп жатыр деген хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына бірден өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі кеткен. "Келіп жеткен кезде, олар 2012 жылы туылған баланың денесін тапқан", — деді Муталлапов.
Өрт сағат 13.20-да ауыздықталды. Қазір өрт себептері анықталуда.
Фото: newskaz.kz