Павлодарда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол апаты артқан

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен болған 60 жол апатында бір бала көз жұмып, 64 бала жарақат алған.

Павлодарда жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол апаты артқан. Алайда облыс орталығында жол-көлік оқиғаларының басқа түрі бойынша қайғылы жағдайлар саны азайған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар ІІБ жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Арман Ашремовтың айтуынша, өткен сегіз айдың ішінде Павлодарда 318 жол апаты орын алған. Оның ішінде 12 адам қайтыс болса, 394 адам түрлі деңгейде жарақат алған. 2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 383 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 484 адам зардап шеккен.

- Кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен болған 60 жол апатында бір бала көз жұмып, 64 бала жарақат алған. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда төмендеген. 2015 жылы 69 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 73 бала жарақаттанған. Бұл ретте, былтыр жол апатында балалар қаза болмағанын айта кеткен жөн, - деді Арман Ашремов. Айта кетерлігі, жол апатының 53 пайызы немесе 89-ы жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Нәтижесінде тоғыз адам қайтыс болса, 180-і түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ, 2015 жылы мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер төрт жол-көлік оқиғасының орын алуына себепкер болған.

Омар Еркін

Фото: gorsovetkerch.ru

Следите за новостями zakon.kz в: