ОҚО-да гидроэнергетика саласын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қазіргі уақытта «Шымкент» ӘКК» облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де бар.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау шеңберінде «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірдегі төрт негізгі өзен ағыстары бойынша (pre-feasibility деп аталатын) алдын ала техникалық-экономикалық негіздеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жиынтық қуаты 120 МВт-ты құрайтын тиімді гидроэнергетикалық әлеуеті бар 43 нүкте анықталды.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта «Шымкент» ӘКК» облыста шағын гидроэнергетиканы дамытуға инвесторларды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де бар.

Мәселен, корпорация жетекшілігі Endustriyel Elektrik түрік компаниясымен бірлесе отырып, Түлкібас ауданында белгіленген қуаты 4 МВт, құны 6 млн. АҚШ долларын құрайтын шағын ГЭС салу үшін бірлескен кәсіпорын құрды. Жобаны іске қосу 2017 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің қолдауымен жеке инвестор Сарыағаш ауданында қуаты 2 МВт болатын шағын ГЭС жобасын іске асырды. Мұнан бөлек, 2 жоба әзірлену үстінде.

Облыстың шағын гидроэнергетикасын одан әрі дамыту, инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Шымкент» ӘКК» барлық мүдделі тұлғаларға өзен ағыстарының энергетикалық әлеуетін зерттеу нәтижелерін ұсынуға дайын. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында шағын ГЭС жобаларын іске асыру кезінде қажетті консультациялық қолдау көрсетуге әрдайым әзір.

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардың электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен, айына 400 МВт құрайды. Оның 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алынады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: