Қостанай облысындағы жол апатынан екі айлық сәби көз жұмды

Жол-көлік апатынан «Хонда» жолаушылары - 54 және 30 жастағы екі әйел түрлі жарақат алып, Жітіқара аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

5 қыркүйек күні кешке шамамен сағат 9 жарымда Жітіқара-Пригородный автожолындағы жол апаты туралы хабарлама келіп түсті. Онда екі адам ауыр жарақат алып, екі айлық сәби көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА, Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

«Алдыңғы көлікті басып озбақ болған Пригородный ауылының 30 жастағы тұрғыны Rover Honda Concerto көлігімен қарсы бетке шығып, «УАЗ-бен» соқтығысты, - делінген хабарламада. - Қарсы келген жүк көлігін 44 жастағы жеке фирма қызметкері жүргізген».

Жол-көлік апатынан «Хонда» жолаушылары - 54 және 30 жастағы екі әйел түрлі жарақат алып, Жітіқара аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Сонымен бірге автокөлікте болған екі айлық сәби ауруханаға жетпей көз жұмды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі («Жолда жүру ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: