Екібастұзда "Богатырь Көмір" ЖШС-нің 58 жастағы тепловоз машинисі жөндеу жүріп жатқан шұңқырға құлап, оң жақ аяғының жамбас сүйегін сындырған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық еңбек басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, жазатайым оқиға кеше, 5-қыркүйек күні шамамен сағат кешкі 18.30-да орын алған. Аталмыш жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп, 10 жұмыс күнінен кейін сараптама нәтижесі анықталуы керек.
Кеше сағат 22-де Екібастұз қалалық ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген жұмысшы толық көлемде ем қабылдауда. Қазіргі таңда оның жағдайы орташа деңгейде, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz