Павлодар облысында орманшылар аңшы мен балықшыны қолға түсірді

Ұсталғандар Лебяжі аудандық ІІБ-нің қызметкерлеріне тапсырылды.

Павлодар облысында орманшылар қолға түсірген аңшы мен балықшыны Лебяжі аудандық ІІБ-нің қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар орман қорғау және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіповтың айтуынша, ереже бойынша Ертіс алқабында бір немесе бес қармақпен балық аулауға рұқсат беріледі.

Дегенмен, бес келіден астам балық алуға тыйым салынған. Ал, заңды белшесінен басып өткен балықшыға 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Орманшылар ұстаған аңшыға да дәл осындай көлемде айыппұл салынды. Себебі алқапта аң аулауға шектеу қойылған. Ер адамның қолында жабайы құс болмағанмен, қару анықталған.

Томирис Бекжан

Фото: Рavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в: