Ақсу қаласында он күн бұрын жоғалған 52 жастағы азаматтың денесі табылды

Бұдан бұрын ер азаматтың туыстары әлеуметтік желілерде хабарландыру орналастырған болатын.
Ақсу қаласында он күн бұрын жоғалған 52 жастағы Александр Оденцевтың денесі табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде мәлім еткендей, 13 қыркүйек күні сағат 9.40-та Ақсу қаласының Ертіс өзені Белая тарауында ер адамның денесі табылды. Белгілі болғандай 1964 жылы туған азамат 4 қыркүйек күні суға батып кеткен.

Бұдан бұрын ер азаматтың туыстары әлеуметтік желілерде хабарландыру орналастырған болатын.

Соңғы рет Александр Оденцевты Ақсу қаласының орталық жағажайында көрген.

Назым Қарабаева

Фото: pavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в: