ҚР ҚК әскери полигондарының инфрақұрылымын дамыту оң нәтижелер беруде

Ойындардың өткізілуі жүздеген адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі қарқын берді.
ҚР Қарулы Күштерінде ірі әскери полигондардың инфрақұрылымын дамыту мен жөндеу және әскери нысандарды қайта құру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылы Қазақстан аумағында алғаш рет өткен Армия халықаралық ойныдарына дайындалу шеңберінде ең алдымен, жұмыс инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталды. Электр қуатының үздіксіз берілуі, трансформаторларды орната отырып, екінші резервтік тораптың салынуы қамтамасыз етілді, ауылдық елді мекенде, облыстық маңызы бар жолда орташа күрделі жөндеу, республикалық маңызы бар жолда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді Гвардейск кентінде 10 мың шаршы метр асфальт төселді, деп жазады zakon.kz.

Ойындардың өткізілуі жүздеген адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі қарқын берді. Құрылыс жұмыстарына 50 бірлік арнайы техника және 800-ден аса жұмысшы тартылды. Гвардейск қалашығында барлығы дерлік инженерлік желілер ауыстырылды, қаланың жарықтандырылуының күрделі жөндеу жұмысы атқарылды, казармалардың, асханалардың, қонақ үй мен хауыздың (бассейннің) жөнделуі жүргізілді. Тікелей сайыс өткізілген полигон аумағында біршама жұмыс атқарылды. Жаңа ғимарат тұрғызылды, вип-мінбер жөнделді, көрермендерге арналған 2 мыңнан аса отыратын орын орнатылды, сондай-ақ, жарыстарға арналған екі тас жол салынды.

Бұл 2 шақырымға созылды және мәре мен сәре сызықтары секілді элементтерді, «Змейка» кедергісін, төбешік, сорап көпірі, мина-жарылғыш қоршаулар, танк оқшашарынан оқ ату учаскелері және т.б. қамтиды. Тас жолдар толық жабдықталып, тегістеліп, қиыршық тас төселді. Одан басқа, осы жылы қайта құрастыру Қазақстан Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу орталықтарында жүргізіледі. Онда ұдайы негізде республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі ауқымды іс-шаралар өткізіледі. «Спасск» оқу-жаттығу орталығында танк айлағы, тактикалық алаң, әскери жарақтандыру пункттері, бақылау-өткізу пункті, казармалар, сондай-ақ, әскери қызметшілердің тұрмысына қажетті нысандар ауқымды жөндеу жұмысынан өтеді.

Сондай-ақ, Астана маңында орналасқан 68665 әскери бөлімінде барлық аумақ пен әкімшілік-казармалық аймақ нысандары абаттандырылады. Қазіргі уақытта 120 пәтерлі екі түрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Одан өзге, бөлім аумағында палаткалы лагерьге арналған аймақ қарастырылған. Онда далалық шығулар мен практикалық сабақтар кезінде әскери қызметшілерді орналастыру жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, лагерь қазіргі заманғы талаптарға сай болады. Алайда, жағдай жауынгерлікке барынша жақындатылады.

Бұдан басқа, жақын арада Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институты оқу полигонының объектілері қалпына келтіріледі. Инфрақұрылымның ірі жөндеуден өтуі «Кадекс» халықаралық көрмесі қарсаңында Астана маңындағы авиациялық базада жүргізілгенін естеріңізге сала кетейік. Әлемдік стандарттарға сәйкес демонстрациялық алаң жасау үшін бұл іс-шараға орай авиабазада арнайы қайта жаңғырту жүргізілді.

Фото: www.mod.gov.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: