Павлодарға Өзбекстан, Қытай және Моңғолиядан білім алуға 75 студент келеді

Қытай, Өзбекстан және Моңғолия елдерінде тұратын қазақ балалары қабылданады. Дайындық курсы 2017 жылдың шілде айына дейін жалғасады.
С.Торайыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде биылғы жылы 1-қазан күні шетелден білім алуға келген қазақ балаларына арналған дайындық курсы басталады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПМУ дайындық факультетінің деканы Сәуле Кісембаеваның айтуынша, аталмыш бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы жоспары бойынша жүзеге асырылуда. Биыл мұнда Қытай, Өзбекстан және Моңғолия елдерінде тұратын қазақ балалары қабылданады. Дайындық курсы 2017 жылдың шілде айына дейін жалғасады.

- Маусым айында Моңғолияның Баян-Өлгей және Қобда аймақтарында болып, сол жақта тұратын қандастарымызға үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар, Қытай және Өзбекстан елдерінде тұратын қазақ жастарына бұрын осында оқыған түлектер арқылы шақырту жібердік. Себебі ол жаққа баруға мүмкіндігіміз болған жоқ. Бір Моңғолияның өзінен 170-ке жуық бала тіркелген болатын. Бірақ бізге сынақтан өткендері ғана келеді. Сынақты Астанадағы Ұлттық тестілеу орталығының мамандары алды. Оқу бағдарламасы бойынша олар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндері бойынша дайындалады да, келесі жылы кешенді тестілеуге қатысады. Студенттер тегін жатақханамен қамтылатын болады, - дейді Сәуле Кісембаева.

Айта кетерлігі, былтыр С.Торайғыров атындағы ПМУ-да дайындықтан өткен шетелден келген 25 түлек еліміздің жоғары оқу орындарына түскен. Биыл Қазақ елінде білім алғысы келетін қазақ жастарынының саны былтырғыдан үш есеге артып отыр.

Тілеуберді Сахаба

Фото: pavlodarnews.kz


Следите за новостями zakon.kz в: