Қыркүйектің 1-і мен 15-і аралығында 54835, 19132, 30153 және 55652 әскери бөлімдерінде ҚР ҚК озық авиациялық көздеушілерін әуеден қолдау бақылаушыларын оқыту бойынша курстық даярлық өтуде. Курстық даярлықты ұйымдастыру және өткізу үшін ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысы басқармасы, ӘҚК бас командалық пунктінің Жауынгерлік басқару және авиацияның өзара іс-қимылы орталығының нұсқаушылық-оқытушылар құрамы тартылды, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Сынақ тапсыру нәтижелері бойынша әскери қызметшілер практикалық өздігінен мақсат көрсетуге рұқсат алатын болады.
Бұл курстар жыл сайын тасымалданатын байланыс құралдарымен жұмыс жасау сапасын арттыру, жұмыс картасында координаталарды айқындау және жерде бағдарлау, сондай-ақ, авиациялық бөлімшелерге басшылық етуде дұрыс дикцияны пысықтау үшін өткізіледі. Осы қасиеттер әуе және жерүсті операцияларды жүргізу кезінде кіріктіруді жетілдіру үшін қажет.
Курстық даярлық қорытындысы бойынша үйренушілерге «Озық авиациялық көздеуші» мамандығы бойынша толық курстық даярлықты аяқтағаны туралы куәлік беріледі. Алдыңғы авиациялық көздеушілердің курстық даярлығы 2016 оқу жылында 2016 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқару органдарын, құрамалары мен бөлімдерін даярлау жоспары мен ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының бұйрықтарына сәйкес өткізілетінін айта кетейік.
Фото: www.mod.gov.kz