70 жыл күткен Қызыл жұлдыз ордені иесіне табысталды

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы Юлия Лозовская Ұлы Отан соғысы ардагері Тәшім Шәріповтің Қызыл Жұлдыз әскери орденінің куәлігін оның туыстарына берді.
Керекуде соғыс ардагері Тәшім Шәріповтің Қызыл жұлдыз ордені 70 жылдан кейін туыстарына табысталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы Юлия Лозовская Ұлы Отан соғысы ардагері Тәшім Шәріповтің Қызыл Жұлдыз әскери орденінің куәлігін оның туыстарына берді.

«Қазақстанда РФ елшісі Михаил Бочарниковтың атынан ардагерлердің өшпес ерлігі үшін алғыс айтып, Тәшім Шәріповтің туыстарына осы куәлікті табыстауға рұқсат етіңіз. Мен үшін оның ерлігіне тең келер құндылық жоқ», - дейді Юлия Лозовская.

Ю.Лозовскаяның айтуынша, ардагер Қызыл әскер қатарына 1941 жылдың маусымында шақырылған. 1945 жылдың тамыз айында жауға қарсы шабуылға шығып, қол пулеметімен жапониялықтардың қауіпті аймағын жояды.
Тәшім Шәріповтің кенже қызы әкесінің ерлігі жайлы «Халық ерлігі» сайтынан білген.

«Әкем госпитальде 5 ай жатты. Оны мейірбикелер әкелген. Анам оған жақсы күтім жасады. Әйтсе де, ол 1953 жылы күзде қайтыс болды. Содан екі ай өткен соң мен дүниеге келдім. Әкем 48 жасында қайтыс болды», - дейді соғыс ардагерінің қызы Хайнижамал Жүнісова.

Тәшім Шәріповтің артында 6 бала, 24 немере, 33 шөбере және 12 немене қалды.
Қазіргі уақытта СҚО-да Ұлы Отан соғысының 187 ардагері бар.

Фото: www.kazpravda.kz

Следите за новостями zakon.kz в: