Алюминий зауытында күйік шалған науқастың жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, денесін 90 пайыз күйік шалған Александр Сычев бір апта бұрын жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.
- Бүгінгі күні науқастың жағдайы бірқалыпты. Денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді. Осында жасалып жатқан барлық ем әзірге жеткілікті, сондықтан Астанаға жіберілмейтін болды. Негізі барлығы ойдағыдай болса, 4-5 айдан соң үйге шығаруды көздеп отырмыз. Ал, 1979 жылы туған азамат бүгін ауруханадан шығарылды, - деді баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.
Естеріңізге сала кетсек, оқиға 11-қыркүйек күні орын алған. Кәсіпорынның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, № 2 учаскенің фильтр жұмысындағы ақауларды жоюды тексеру барысында екі адамның денесі мен көздерін термохимиялық күйік шалған.
Назым Қарабаева
Фото: kerchinfo.com