Алматыда 3200 метр биікте тау басында қалған турист құтқарылды

1993 жылғы турист Шымбұлақ шыңында тобығын жарақаттап алған.
25 қыркүйекте сағат 16:34-те Алматы қалалық ТЖД кезекші бөліміне туристік топтағы адамның бірі аяғын жарақаттап алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Медеу ауданындағы Шымбұлақ шыңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың берген ақпаратына сілтеме жасап.

1993 жылғы турист Шымбұлақ шыңында тобығын жарақаттап алған. Шыңның биіктігі 3 450 м, құтқару жұмыстары 3200 метр биікте жүргізілді.

ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті. Ол Алматы қалалық №12 ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар сағат 18:52-де туристерге жетті. Сағат 23:52-де оны тау етегіне түсіріп Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

Фото: inform.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: