Арқалық қалалық сотына ҚР ҚК 361-бабы 2-бөлімі бойынша (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 50 жастағы Д. деген азаматшаға қатысты сыбайлас жемқорлық сипаттағы қылмыстық іс түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес 2014-2015 жылдары Арқалық қаласында Д. сот актілерін орындау бойынша аумақтық бөлімнің басшысы бола тұра мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған.
2014 жылғы 29 қаңтарда Д. 3, 975 тонна мөлшерінде дизель отынын тәркілеу бөлігін орындау үшін «Тala-Oil» ЖШС-ға қатысты әкімшілік іс бойынша Арқалық қалалық сотының қаулысын алды. Осы мән-жайды пайдалана отырып, Д. осы дизель отынын үшінші тұлғаның пайдасына заңсыз беруді шешкен. Мемлекетке шығын сомасы 543 мың теңгені құрады.
Басты сот талқылауы таяу уақытта өтеді.
Фото: azh.kz