ҚР ҚК-нің әскери қызметшісі триатлоннан чемпион атанды

2016 жылдың көктемінде 300 метрге жүзу, Макаров тапаншасынан оқ ату және 3 000 метрге жүгіруде офицерлердің үш сайысы бойынша Әуе қорғанысы күштерінің чемпионына айналды.
Алматы облысының Қапшағай облысында олимпиадалық қашықтықтың стандарты бойынша 1 500 метрге жүзу, 40 шақырымдық спорттық веложарыс пен 10 шақырымға жүгіруде жеңіл атлетика бойынша сайыстың үш түрінен спорттық триатлоннан чемпионат өтті. Чемпионатқа барша Қазақстанның спортшылары қатысты. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қарулы Күштерінен қатысқан бірден-бір әскери спортшы Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі аға лейтенант Алексей Мешалкин болды. Ол триатлонның барлық түрінен бірінші орындарды еншіледі. Аға лейтенант Алексей Мешалкин 2006 жылдан бастап велоспортпен кәсіби тұрғыда шұғылдана бастады.

2007 жылы Шығыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысты. Онда екінші орынды жеңіп алып, спорт шеберіне кандидат нормативін орындады. 2014 жылдың тамызында Беларусь Республикасының Әскери академиясын тәмамдағаннан кейін ол Әуе қорғанысы күштеріне қызмет өткеру үшін келді. Бұл ретте өзінің дене даярлығын жетілдіруді жалғастырды.

Әскерилендірілген кросс бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спартакиадасында (жүгіру, шағын калибрлі винтовкадан оқ ату, граната лақтыру) спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.

2016 жылдың көктемінде 300 метрге жүзу, Макаров тапаншасынан оқ ату және 3 000 метрге жүгіруде офицерлердің үш сайысы бойынша Әуе қорғанысы күштерінің чемпионына айналды. Офицерлердің үшсайысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спартакиадасында 3 000 метр қашықтыққа жүгіруде бірінші орынды иеленді.

Фото: www.mod.gov.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: