Шымкентте түнгі клуб маңында 23 жастағы жігітті атып кетті

Алдын ала мәліметтер бойынша банкет қонақтары арасында келіспеушілік болған.
Шымкентте "Пандора" түнгі клубының маңында 23 жастағы жігітті атып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА, TVK телеарнасы берген ақпаратқа слтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша банкет қонақтары арасында келіспеушілік болған. Төбелес кезінде жас жігіттің басына оқ тиген. Оқиғаның нақты қалай өрбігені кейінірек мәлім болады.

Қонақтар мен клуб қызметкерлерін Еңбекші полициясы тергеуге шақырды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде. Жексенбі күні мейрамхана жабылды.

Фото: All News
Следите за новостями zakon.kz в: