32 адам жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қарыздарын өтеп үлгерген. Прокуратура қызметкерлері жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін де қолға алды. Комиссия құрамында жұмыспен қамту орталығының мамандары да қызмет атқарады. Құзырлылар баласын жеткізе алмай жүрген аналарға көрсеткен көмегіміз,- дейді.
"Алдымыздағы апта ішінде прокуратура күштерімен 20 адамнан астам борышкерлер қамауға алынды. Қатаң шара қолданылып жатыр қазір. Сонымен қатар, түсіндіру нәтижесінде 3 миллионнан астам сумма төленген. Жалпы, біз кәмелет жасқа толмағандардың және аналардың конституциялық құқықтарын қорғап жатырмыз. Борышкерлерді қатаң ескертеміз. Нәпақаларыңызды уақытылы төлеңіздер! Қарсы түрде ҚР ҚК 430 бабына сай қылмыстық жауапқа тартыласыздар",- деді Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының бөлім басшысы, Ізбасар Масақбаев.
Фото: qostanay.tv