Алаштанушы-ғалымдар мен «Ақ жол» ҚДП, ҚР Ұлттық Банкінің ұйымдастыруымен өтетін айтулы шара 18 қазан күні сағат 12.00-де Астана қаласындағы Сарайшық көшесі №5 үйде өтеді.
«Бұл таныстырылым шарасы – Әлихан Бөкейханның тұлғалық қасиетін айқындау ісіне қосылған үлкен үлес. Қазақ айтады: «Тасқа басылған таңба ешқашан өшпейді» деп. Әлихан Бөкейханның тұлғалық қыры енді міне ұлттық банктің мерекелік монетасына бейнеленіп отыр. Бұл дегеніңіз – болашақ күндері ұлттық музейлер мен көрмелерге қойылып, өзінің тарихи құнын арттыратын, сапалы әрі құнды, қымбатты экспонат болары хақ. Монетаға Әлиханның тұлғалық келбетін бейнелеу дегеніміз – оның тұлғалық қырын жастар мен жасөспірімдерге насихаттау, таныту деген сөз. Қазақ еліне шет елден келетін қонақтар, туристер ұлттық банктің шығарып отырған бұл монетасын өздеріне кәдесый ретінде сатып алып, Қазақ елінен әкелген тәберігіміз деп ұрпақтарына айта жүрері анық» – дейді ұйымдастырушылардың бірі, алаштанушы Елдос Тоқтарбай.
Фото: egemen.kz