Ғимараттарға жер қазу жұмыстары басталғалы аудан басшысы Бұхарбай Парманов игі істің басы-қасында болып, жұмыстардың сапалы болуын жіті бақылауда.
Ленгер қаласынан бой көтеріп жатқан бес қабатты 8 үйдің әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда, нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің жер қазу жұмыстарының қайта нығыздау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Сонымен қатар аудан басшысы Б.Парманов екі ай көлемінде ауданымызды көркейту және абаттандыруды қолға алып, бірқатар жұмыстар атқаруда. Ауданында туризмді дамыту мақсатында, ауданға кіреберіс қақпаны абаттандыру, көркейту жұмыстарына аудан бюджетінен 19 миллион 400 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар тиянақты орындалуда.
Төлеби ауданы Екпінді ауылы Т.Назарбеков көшесінің тұрғындарының өтінішіне сәйкес, аудан басшысының бастамасымен Біркөлік және Ақмешіт шатқалдарына баратын Екпінді елді мекен жолдарын кеңейту, жарықтандыру, жолаяқ салу, абаттандыру және көркейту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге аудандық бюджеттен 10 млн теңге бөлініп отыр.
Жолдың бойындағы ретсіз өскен ағаштар кесіліп, жол жиектері кеңейтіліп жатыр. Келіп демалушыларға қолайлы болу үшін гүлзарлар мен орындықтар орнату жұмыстары қолға алынуда. Бұл жұмыстарды ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар және аудандық көпсалалы коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары атқаруда.
Фото: ontustik.gov.kz