Кездесуде қос тарап екіжақты қарым-қатынасты жақсарту мен іскерлік байланыс орнату мәселелері жəне Қазақстанда жасалмайтын тауарларды өндіру мақсатында біріккен кəсіпкерлік құру жайын талқылады. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Облыс әкімі мәртебелі мейманды Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, иран компанияларын әріптестікке шақырды.
Мұнан соң, облыс əкімі мен елші Иранның Хорасан облысының кәсіпкерлері ұйымдастырған тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты.
Иран кәсіпкерлері Қазақстанға екі елдің өңірлері арасындағы туризмді дамыту мақсатында Месхед-Шымкент әуеқатынасын ашуды ұсынды.
Айта кетейік, бүгінгі көрмеде ирандық 97 кәсіпкер күнгейліктерге тоқыма және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау салалары бойынша өндірген өнімдері мен кір жуғыш ұнтақтарын ұсынуда.
Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасы Қазақстанның стратегиялық маңызды халықаралық әріптестерінің бірі болып табылады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қос ел арасындағы сауда-саттық көлемі 700 млн. АҚШ долларына жеткен.
Қазақстаннан Иранға экпортталған тауарлардың басым бөлігі мұнай және ұн мен жарма, өнеркәсіп өнімдері, түрлі-түсті металл. Сондай-ақ, екі ел стратегиялық транзиттік серіктестер болып табылады.
Көрме аясында өңіріміздің кәсіпкерлері мен Иран Ислам Республикасы делегациясы өкілдерінің арасында бетпе-бет кездесур өтеді.
ОҚО әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлік, индустриялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін көрме 6 қазанға дейін жалғасады.
Фото: ontustik.gov.kz