ОҚО-да «Ontustik Tourism-2016» халықаралық туристік форумы өтуде

Сарыағаш жаңа курорт қалашығын дамыту, жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу, туризм мектебін құру және Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында 7 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Ontustik Tourism-2016» туристік форумы өз жұмысын бастады. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық шараға Кувейт, Македония, Испания, Пәкістан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Чехия елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілері мен Консулдары, шет елдік және қазақстандық туристік операторлар, жоғары оқу орындары мен 10 шақты шет елдік БАҚ өкілдері, оның ішінде Ұлыбританияның «US Television», Испанияның «EFE» ақпараттық агенттігі, сонымен бірге, еліміздің өзге облыстарынан келген делегациялар да қатысуда.

Еліміздегі туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, «Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек Жолының жүрегі» ретінде дамытуды позициялау мақсатында өткізіліп жатқан екі күндік шарада бизнес-конференциялар өткізіліп, «Silk Way Tourism Fair» туристік көрмесі мен облыс бойынша ақпараттық турлар ұйымдастырылатын болады.

Осының аясында, Сарыағаш жаңа курорт қалашығын дамыту, жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу, туризм мектебін құру және Оңтүстік өңіріне инвестиция тарту бағытында 7 меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в: