Қос азаматтық алғандар заңға сәйкес жауапқа тартылады

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырсақ, заңды белден басқандар 2 есеге артып отыр.
Биыл Маңғыстау облысында 79 адамның қос азаматтық алғаны анықталды. Олардың 8-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырсақ, заңды белден басқандар 2 есеге артып отыр. Ал 2015 жылы 44 дерек тіркелген еді. Дені екінші төлқұжатты Ресей Федерациясынан алған. Облыстық көші-қон полициясы өкілінің айтуынша, заңды бұзғандар айыппұл төлеп қана қоймай, соттың шешімімен Қазақстан аумағынан шеттетілуі тиіс.

Серік Омарбаев, Облыстық Көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы:

- Біздің өңірде Қазақстан және Ресей азаматтығын қатар алған азаматтар жиі анықталады. Қолданыстағы заңға сәйкес, өзге елді азаматы болып табылатын адам бізден қазақстандық мәртебесінен айырылып, әкімшілік жазаға тартылады.

Фото: emigrant.guru
Следите за новостями zakon.kz в: