Қазақстанда жол апаты 5 пайызға азайды

Жүргізілген сараптама жолдардағы апаттар деңгейінің тұрақтануына кешенді шаралардың орындалуы, оның ішінде заңнамалық шаралардың қолға алынуы өз септігін тигізген.
Ағымдағы жылы елімізде жол-көлік апаты саны 5 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Біздің елімізде жол апатының шырқау шегі 2007 жылы тіркелген. Сол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес Қазақстанда 1000 мың адамға шаққанда 28 адам қаза тауып, еуропалық өңірдегі ең жоғары көрсеткіш тіркелген. Тек сол жылдың ішінде ғана Қазақстанда 4365 адам қаза тапты. Дегенмен, 2013 жылдан бастап апаттың барлық негізгі көрсеткіштері қысқаруының тұрақты тенденциясы байқалады. Мәселен, 2013 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары санының өсімі 65 пайызға, жарақаттанғандар саны 71 пайызға артса, ал 2014 жылы жол-көлік апаты санының 13 пайызға, қаза тапқандардың саны 15, жарақаттанғандардың саны 13 пайызға кеміді. 2015 жылы жол-көлік апаты 7, қаза тапқандар 5, жарақат алғандар 7 пайызға азайды. Дәл осындай жайт ағымдағы жылы да байқалып отыр. Жол-көлік апаты 5 пайызға, қаза тапқандар саны 4 пайызға төмендеді», - деді министр.

Оның айтуынша, жүргізілген сараптама жолдардағы апаттар деңгейінің тұрақтануына кешенді шаралардың орындалуы, оның ішінде заңнамалық шаралардың қолға алынуы өз септігін тигізген.

«Біріншіден, халықаралық нормалаларды ескере отырып, 2014 жылы «Жол қозғалысы туралы» Заң әзірленіп, қабылданды. Онда жол қозғалысы саласына тартылған субъектілердің жауапкершілік аймағы бекітілген. Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді, көлік құралдарына талаптар бекітілді және оларды пайдалануддағы ненізгі шектеулер нақтыланды. Заңға сәйкес Жол қозғалысы ережесі әзірленді. Әкімшілік кодексте жол-көлік оқиғасының негізгі себебі саналатын құқық бұзушылықтарға жауапкершілік күшейтілді», - деді Қасымов.

Фото: molva33.ru
Следите за новостями zakon.kz в: