"Эйр Астана" әуе компаниясының басшылары құқық қорғау органдарының ескертпесін елер емес

Монополияға қарсы мекеме мәліметінше, ұлттық әуе тасымалдаушы 7-қазанда тексеріске келген қызметкерлерді өз кеңсесіне кіргізбей қойған.
"Эйр Астана" әуе компаниясының басшылары құқық қорғау органдарының ескертпесін елер емес. Тіптен әуетасымалы акционерлік қоғамының жетекшілері монополиялық орган өкілдерінің тергеу ісіне кедергі келтіруін жалғастыруда, - деп Алматы телеарнасы, Ұлттық экономика министрлігі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми дерек бойынша, құзырлы органдар әуе компания атына ақпарат және құжаттарды ұсыну туралы 3 сұрау хат жолдаған. Ресми органдардың сұрауымен санаспаған алпауыт компанияға тағы да әкімшілік іс қозғалған. Жалпы, осы уақытқа дейін "Эйр Астана" АҚ үстінен қысқа мерзім ішінде барлығы үш іс қозғалды.

Қазір компанияның әрекеттері тергеліп-тексеріліп жатыр. Еске салсақ, ақпаратты жасырып, еш мәлімет ұсынбаған әуекомпаниясының үстінен іс жүргізу туралы Монополияға қарсы органның әрекетін 11 қазанда сотта қолдаған еді.

Монополияға қарсы мекеме мәліметінше, ұлттық әуе тасымалдаушы 7-қазанда тексеріске келген қызметкерлерді өз кеңсесіне кіргізбей қойған. Ал компания басшысы Питер Фостер жоққа шығарған болатын.

Фото: www.almaty.tv

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: