Қазақстан Қытайға жылына 300 мың тонна қой етін жеткізеді

Жылына 50-60 мың тонна сиыр етін, 300 мың тонна қой етін экспорттау жоспарланып отыр.
Қазір екі ел арасында ет жеткізу мәселесі талқыланып жатыр. Жылына 50-60 мың тонна сиыр етін, 300 мың тонна қой етін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы кеше ҚР АШМ брифингінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.

«Қазір органикалық етке сұраныс жоғары. Сондықтан, Қытай бізбен ынтымақтастық құрып отыр. Экологиялық және органикалық ет жеткізуді талқылап жатырмыз. Жылына 50-60 мың тонна сиыр етін, 300 мың тонна қой етін экспорттау жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш етті өңдейтін кәсіпорындардың есебі негізінде жасалды. Олар инспекция жүргізу және Қытай аумағына өз өнімін жеткізе алатындардың тізіміне қосу үшін өтініш білдіргендер», – деді Г. Исаева.

Оның айтуынша осы жылдың аяғында Қытайға ет экспортталады.

«Инспекция сәтті аяқталады деп сенеміз. Кейін кәсіпорындарды реестерге қосып, жыл соңында Қытайға сиыр мен қой етін жеткіземіз», – деді вице-министр.

Фото: besmart.kz
Следите за новостями zakon.kz в: