Павлодар облысында қарасора жинаған азамат 2 жылға сотталды

Ертіс өзенінің бойында қарасора жинаған железиндік азаматтың бас бостандығына екі жылға шектеу қойылды.
Железин ауданында марихуана контрабандасы бойынша іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс материалына сүйенсек, Семейде Ертіс өзенінің жағасында серуендеген ер адам жабайы қарасораны жинап алған. Бұдан кейін шөпті өз үйінің сарайында кептіріп, қағаз пакетке салған. Ер адам Ресеймен шекаралас жолаушылар автобусында ұсталды. Шекарашылар тексеру барысында оның орындығының астынан 1,97 грамм марихуана анықтаған.

- Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 58-бабы, екінші бөлімі бойынша айыпты деп танылып, пробациялық бақылаумен екі жылға дейін бас бостандығына шектеу қойылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в: