Онкологиялық ауруға шалдыққан қазақстандық балалардың суреттері БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтеріне қойылады. Бұл әлеуметтік жобаның авторы – Лариса Инджуджян. Франция азаматшасы осы ойын жүзеге асыру үшін Қазақстанға арнайы келіпті, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Оның айтуынша, кішкентай науқастар сурет салу арқылы ауруларын ұмытады. Сонымен қатар олар қағаз бетіне ішкі сезімдері мен арман-қиялдарын түсіреді. Балаларды бұл өнерге Қазақстанның үздік қылқалам шеберлері баулиды. Лариса Инджуджян әлем бойынша 150-дей суретті көрсетіп жүр. Көрме Монако, Брюссель және Париж қалаларында өткен.
Лариса Инджуджян, жоба авторы:
- Біз осындай шеберлік сағаттарын Парижде өткізіп, суреттерді сол жақтың науқастарына көрсеттік. Олар «Бәйтеректі» салса, қазақстандық балалар «Эйфель» мұнарасын салды. Бұл туындылар Париждегі ЮНЕСКО-да қойылды. Ал 12-13 желтоқсанда Женевадағы штаб-пәтерде өтеді.
Фото: 24.kz