Павлодар қаласының №2 соты төрт адамға сақа және пышақпен шабуыл жасаған бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Істің материалдарына сәйкес, осыдан бір жыл бұрын полиция қызметкерлері таңғы сағат 5.00-де «Арай» сауда үйіне қарай барып, еш себепсіз екі ер адам мен екі әйелді соққыға жыққан. Төбелес кезінде бір полиция қызметкері ер адамды сақамен ұрып, екіншісі оған төрт рет пышақ салған. Мемлекеттік айыптаушы Әлия Оспанова полиция қызметкерлерін атақтан айырып, жалпы режимдегі түзету колониясында жазаларын тартуды сұрады.
- Павлодар қаласының №2 соты айыпкерлерді кінәлі деп таныды. Олар алдын-ала келісіп, адамдарға пышақпен шабуыл жасап, денсаулығына зақым келтіріп, бұзақылығы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, полиция аға сержанты және полиция сержанты атақтарынан айырылды, - деді қалалық прокуратурады.
Фото: Mediasat