БҚО-да қалың түскен қардың кесірінен қос автобус соқтығысты

Құзырлы орган өкілдері қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне барынша сақ болуды ескертіп отыр.
БҚО-да екі автобус соқтығысып, 3 адам зардап шекті. Бұл туралы Хабар 24 арнасы хабарлайды.

Бүгін таңертең 08:40 шамасында «Ақсай-Тұңғыш» автокөлік жолына шыққан Golden Dragon және «ПАЗ» маркалы қос автобус бір-біріне қарсы бағытта келе жатқан. Түні бойы жауған қалың қарға тайғанаған «ПАЗ-дың» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Соқтығысудың салдарынан екі автобустың жүргізушілері мен «ПАЗ» автобусының қос жолаушысы түрлі дәрежеде дене жарақатын алды.

Олар бас-ми және өзге де жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы Самат Кереевтің айтуынша, қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Құзырлы орган өкілдері қолайсыз ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне барынша сақ болуды ескертіп отыр.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Фото: 24.kz


Следите за новостями zakon.kz в: