Атырауда екі күнде көлікті мас күйінде тізгіндеген 17 жүргізуші ұсталды

Тек өткен сенбі-жексенбі күндердің өзінде 17 жүргізуші ұсталған. Ең сорақысы, олардың 4-еуі – әйел адамдар.
Облыстық ІІД жол-патрульдік қызметі қазан айының 24-30 аралығында 300-ден астам жол жүру ережесін бұзғандарды ұстады. Оның ішінде, 15 жүргізуші жылдамдықты асыру, 23 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпау, тағы 31 адам көлікті ішімдік ішкен күйінде жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Көлікті мас күйінде жүргізген жүргізушілердің ішінде куәлігі жоқ адамдар да бар. Олардың ішінде 9 адам – бұған дейін де мас күйінде ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылғандар. Мамандардың айтуынша, оларға қатаң жаза қолданылады.

Соңғы кезде көлікті ішімдік ішкен күйінде жүргізу деректері көбейген. Тек өткен сенбі-жексенбі күндердің өзінде 17 жүргізуші ұсталған. Ең сорақысы, олардың 4-еуі – әйел адамдар.

«Ішімдік ішіп көлік жүргізетіндердің көпшілігі – көңіл көтеру орындары, түнгі клубтар мен мейрамханадан шығатын жастар. Негізінен, 20-40 жас аралығындағы тұрғындар», – дейді Атырау облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Фото: www.almaty.tv
Следите за новостями zakon.kz в: